Алматыда өтіп жатқан 28-ші Дүниежүзілік қысқы Универсиада алғашқы жарыс күнінде Қазақстан құрамасының қоржынына алғашқы медалі түсті.
Әйелдер арасында шаңғымен классикалық стилде 5 шақырымға жүгіруден жерлесіміз Анна Шевченко қола жүлдеге ие болды. Бұл сында күміс медаль ресейлік спортшы Анна Нечаевскаяға бұйырса, алтын жүлде тағы бір ресейлік Лилия Васильеваның еншісіне тиді. Лилияның көрсеткіші: 14.08.6.
"Ұлт ақпарат"