04 қаз, 2019 сағат 06:36

Үндістанда кеме аударылып, 50 адам із-түзсіз жоғалып кетті

Үндістанның Батыс Бенгал штатында Махананда өзенінің дәл ортасында кеме аударылып, салдарынан 7 адам көз жұмды, тағы 50 адам із-түссіз жоғалып кетті, деп хабарлайды Times of India газеті.

Жергілікті билік өкілінің айтуынша, алдын ала мәліметтерге сәйкес, кеменің апатқа ұшырауына тым көп адамды тасымалдауы себеп болған.

«Қазіргі таңда жеті адамның денесі табылды. 50-ден астам адам із-түзсіз жоғалып кетті», - деді штаттың заң шығарушылық жиналысы мүшелерінің бірі.