Ұлттық тауар өткізу жүйесін құруды жылдамдату қажет. Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин айтты, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".
«Бәсекелестікті қорғау агенттігі әрбір тауар позициясы бойынша баға белгілеу тізбегін мұқият зерттеп, нарықтың ірі қатысушылары арасында өзара келісуге жол бермеу үшін монополияға қарсы уақтылы шаралар қабылдасын. Сауда, Ауыл шаруашылығы министрліктерімен, әкімдіктермен бірлесіп, әлеуметтік маңызы бар өнімдердің барлық түрлері бойынша бағаның негізсіз өсуіне жол бермеу үшін қатаң бақылауды қамтамасыз етуді тапсырамын», - деді Үкімет басшысы.
Асқар Мамин Сауда министрлігіне азық-түлік бағасының өсуіне әсер ететін тауарлар мен шикізаттың экспорты мен импортына қатысты сауда шаралары бойынша ұсыныстар енгізуді тапсырды
«Ұлттық тауар өткізу жүйесін, оның ішінде көтерме-тарату орталықтарын құруды жылдамдату қажет. Сонымен қатар сауда процесін тездетіп цифрландыру керек», - деді Премьер-Министр.
