02 қыр, 2021 сағат 12:02

Ұлттық геологиялық қызмет құрылады – Мырзағалиев


Ұлттық геологиялық қызмет құрылады. Бұл туралы Үкімет отырысында ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Мағзұм Мырзағалиев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Қазақстан бірегей минералды шикізат базасына ие. Бүгінгі таңда, минералды шикізат базасы дамыған елдер геология мен жер қойнауын пайдалануға инвестиция тарту үшін жағдай жасауда. Бұл бағытта белсенді жұмыс жүргізуде. Инвестиция тартудың негізі деп жоғары сапалы геологиялық ақпаратты айта аламыз. Осыған байланысты, Ұлттық геологиялық қызмет құрылатын болады», - деді министр. 

Мағзұм Мырзағалиевтің атап өтуінше, аталған қызмет «бірыңғай терезе» қағидаты негізінде жұмыс жасайды. 

Оның нәтижесінде инвестор заманауи форматтағы жер қойнауының үш өлшемді моделі құрылған сапалы ақпаратпен қамтамасыз етіледі. Сонымен қатар, іргелі, қолданбалы ғылым мен өндіріс күшін біріктіруге мүмкіндік алады», - деді ол.