Фото: "Қазатомөнеркәсіп" баспасөз қызметі
Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыровтың інісі Ермек Қуантыров "Қазатомөнеркәсіп" компаниясында лауазымды қызметке тағайындалды, - деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".
Компания баспасөз қызметінің мәліметінше, ол 5 шілдеден бастап Қазатомөнеркәсіптің құқықтық сүйемелдеу және сатып алу жөніндегі бас директоры болды.
"Қуантыров мырзаның функционалдық міндеттеріне құқықтық қамтамасыз ету процесіне басшылық жасау, халықаралық-құқықтық ынтымақтастық мәселелеріне жетекшілік ету, тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау жөніндегі қызметті ұйымдастыру, сондай-ақ кешенді басқаруды жүзеге асыру және сатып алу процестері мен компанияның корпоративтік басқаруына басшылық жасау кіреді", - делінген хабарламада.
Айта кетейік, Ермек Қуантыров 1989 жылы дүниеге келген.
Президенттік жастар кадрлық резервінің мүшесі. ҚР Әділет министрлігінде әртүрлі басшылық лауазымда жұмыс істеген. Соның ішінде Ұлттық зияткерлік меншік институтын (Қазпатент) басқарған. Сонымен қатар ол Колумбия университетінің құқық магистрі (LL.M.) дәрежесіне ие.
Ал бұл лауазымға тағайындалғанға дейін Қуантыров Еуразиялық экономикалық комиссияның Кәсіпкерлік қызметті дамыту департаментінің директоры қызметін атқарған.