27 қаң, 2022 сағат 17:46

Украинада бес қызметтесін атып өлтірген сарбаз ұсталды – жантүршігерлік видео


Украинаның Днепр қаласында Ұлттық гвардияның әскери қызметкері жергілікті уақыт бойынша 03:40-та (Нұр-Сұлтан уақыты бойынша 07:40) қарауылға оқ атты, деп хабарлады Sputnik Қазақстан агенттігі РИА Новости портала сілтеме жасап.

Назар салыңыз, жантүршігерлік видео

Төтенше жағдай салдарынан бес адам көз жұмып, тағы бес адам жараланды, деп хабарлады Украина ІІМ баспасөз қызметі.

Қайғылы оқиға "Южмаш" оңтүстік машина жасау зауытының аумағында болған.

"Украина Ұлттық гвардиясының әскери қызметкері, мерзімді әскери қызметтегі сарбаз, 2001 жылы туған Рябчук Артемий Юрьевич қару-жарақ беру кезінде белгісіз себептермен Калашников автоматынан Ұлттық гвардия әскери қызметкерлерінің қарауылына оқ жаудырып, қарумен бірге ізін суытты", - деп жазылған хабарламада.

Оқиға салдарынан төрт әскери қызметкер және бір қарапайым азамат көз жұмды. Кейінірек жарақат алған тағы бір адам қайтыс болғаны хабарланды.

Оқ атқан әскери 2021 жылдың күзінен бері Ұлттық полицияда қызмет еткен және оның міне-құлқынан ешқандай ауытқу байқалмаған.

"Ол психологтар бақылауында болған әскери қызметкерлер тобына кірмеген. Оған оң мінездеме берілген. Қарауылға қызметке тағайындау – ауқымды процесс, олар тұрақты түрде психологпен сұхбат жүргізеді", - деп хабарлады "Сирена" Украина ұлттық полициясының өкіліне сілтеме жасап.

Қылмыстық іс қозғалды. Оқ атқан әскери өмір бойына бас бостандығынан айырылуы мүмкін. Мемлекеттік тергеу бюросы мен әскери прокуратура тергеу амалдарымен айналысады.

Қылмысқа не себеп болғаны әзірше белгісіз. Ұлттық гвардия сарбазы Днепропетровск облысында ұсталды.