08 мау, 2023 сағат 16:16

Үкімет тарапынан ешқандай кедергі болған жоқ – Жамаубаев рубльге қатысты операциялар жөнінде

Фото: Global Look Press 

Үкімет банктердегі рубльге қатысты операцияларға шектеу қойған жоқ, деп хабарлады вице-премьер - қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев Астана халықаралық форумы кулуарында.

"Егер банк секторы санкцияға қатысты немесе басқа да тәуекелге байланысты рубльге қатысты операцияларды жасамаса, демек ол - өздерінің ішкі жұмысы. Ал Үкімет тарапынан ешқандай кедергі болған жоқ", - деп түсіндірді Жамаубаев.

Айта кетері, бұған дейін "Ведомостиде" Қазақстан банктерінде ресейлік кәсіпкерлерден рубльмен төлемдерді қабылдамай жатқаны туралы ақпарат шыққан болатын.