Фото: pixabay.com
Қазақстан Үкіметі банктерге елден қолма-қол ресей рублін әкетуге рұқсат берді, министрлер кабинетінің тиісті қаулысы нормативтік актілердің ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
"Қазақстан Республикасының екінші деңгейлі банктеріне Қазақстан Республикасынан қолма-қол Ресей рублін әкетуге рұқсат етілсін. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және 2024 жылғы 1 қаңтарға дейін қолданылады", - деп жазылған 11 шілдеде қабылданған құжатта.
Мемлекет басшысының 2022 жылғы 14 наурыздағы "Қазақстан Республикасының қаржылық тұрақтылығын қамтамасыз ету шаралары туралы" жарлығымен елден 10 000 доллардан асатын қолма-қол шетел валютасын әкетуге тыйым салынған болатын.
Кейінірек реттеуші қолданыстағы тыйымға байланысты республика банктерінде ішкі валюта нарығында сұраныстан асып түсетін көлемде қолма-қол рубль жинақталғанын хабарлады. Осыған байланысты Үкімет бірнеше рет ресейлік валютаны әкетуге бір реттік рұқсат берді.