Биыл Түркістан облысында жалпы сомасы 12,7 млрд теңгеге
26 инвестициялық жоба іске қосылды, мыңға жуық жұмыс орны құрылды. Өңірдің
негізгі капиталына инвестиция тарту көрсеткіші 340 млрд теңгені құрады. Бұл
өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 1,7%-ға жоғары. Жалпы жылдық жоспар
– 772,8 млрд теңге.
Өңірде 2026 жылға дейін жалпы құны 1,1 трлн теңгені құрайтын
100-ге жуық инвестициялық жобаны іске асыру жоспарланып отыр. Олардың ішінде
10-ы – ірі жоба. Атап айтқанда, «Састобе» химия кешені ЖШС, «Созақ Фосфат» ЖШС,
«Standart Petrolleum» ЖШС, «Ocean Energy Company» ЖШС, «Саутс-ойл» ЖШС (2
жоба), «Ecoculture Eurasia» ЖШС, «ARM wind» ЖШС, «Ecoinvest» ЖШС, «ПМУ
Түркістан» ЖШС. Бұл өндірістерде 10 мыңға жуық жаңа жұмыс орны ашылады.
Жаңа жобалар өңдеу өнеркәсібі, туризм, ауыл шаруашылығы,
электрмен жабдықтау, денсаулық сақтау салаларында жүзеге асырылатын болады. Биыл
жалпы құны 45,1 млрд теңге болатын 44 инвестициялық жобаны іске қосу
жоспарланып отыр, 1520 жұмыс орны ашылады.
Түркістан облысында 9 индустриялық аймақ орналасқан.
Жалпы ауданы 538 га құрайды. 6 индустриялық аймақта құны 34,169 млрд теңге
болатын 44 жоба (Түркістан, Кентау, Созақ, ҚТИ-Бадам (Ордабасы ауданы),
Мақтаарал, Қазығұрт) іске қосылды, 2500-ге жуық жұмыс орны ашылды.
Шардара, Түлкібас, Бәйдібек аудандарында инфрақұрылымдық
жүйелермен толық қамтамасыз ету үшін қаражат бөлінді. Бұл жұмыстар жақын арада
қаралады. Кейбір аудандарда агроиндустриялық аймақтар құру жоспарлануда.
Сонымен қатар Түркістанда 2019 жылы «TURKISTAN» арнайы
экономикалық аймағы құрылды. Оның аумағы 4 га және 6 бөліктен тұрады. Атап
айтқанда, тарихи орталық, әкімшілік-іскерлік орталық, өндірістік аймақтар және
әуежай аймағы. «TURKISTAN» АЭА-да жалпы сомасы 771,1 млрд теңгеге 91 жобаны
іске асыру жөніндегі шартқа қол қойылды. Оның ішінде 74 жоба қала құрылысы
бойынша іске асырылып жатыр. Жаңа өнеркәсіптік кәсіпорындар пайдалануға берілді,
2 мыңнан астам тұрақты жұмыс орны құрылды. Барлық жобаларды іске асыру кезінде
тағы 8 мыңға жуық жаңа жұмыс орны ашылады.
Түркістан облысында жалпы аумағы 538 га құрайтын 9
индустриалды аймақ орналасқан. Оларда жалпы құны 42,5 млрд теңгені құрайтын
3023 жұмыс орнын ашуға мүмкіндік беретін 60 жоба жүзеге асырылып жатыр. Оның
ішінде, бүгінгі таңға құны 34,1 млрд теңгені құрайтын 2496 жұмыс орнымен 44
жоба іске қосылды.
2022 жылы құны 4,1 млрд теңгені құрайтын және 246 жаңа
жұмыс орнын құратын жобаларды іске қосу жоспарланған. Бүгінгі таңда іске
асырылған жобалар:
- «Баянды құрылыс» ЖШС – 593 млн теңге., асфальт
сұйығын және тауарлы бетон өндіру жобасы;
- «Оспан» ЖК – 100 млн.теңге, газобетон өндіру жобасы;
- «ZHANASSYL» ЖШС – 2 500 млн.теңге, мақта талшықтарын
қайта өңдеу жобасы;
- «Асыл Бастау.KZ» – 200 млн теңге., бөтелкедегі
ауыз-су өндіру жобасы.
Іске асырылатын жобалар:
- «МЖ Алихан» ЖШС – 200 млн теңге, темір бетон
бұйымдарын өндіру жобасы;
- «СимТас» ЖШС – 600 млн теңге, керамзитті кірпіш
өндіру жобасы.
Сонымен қатар өңдеу өнеркәсібі саласында құны 11,2 млрд
теңгені құрайтын 476 жаңа жұмыс орнын ашумен нақты 17 жобаны жүзеге асыру
жоспарланған.
Бұдан бөлек, «TURKISTAN» арнайы экономикалық аймағының
аумағында 2022 жылы 2 жоба жүзеге асырылды.
– «Almaty NS-Group» ЖШС күйдірілген кірпіш шығаратын
зауыт (инвестиция құны 1,7 млрд теңге, 50 жұмыс орны);
– «Темір Бетон» ЖШС темір-бетон өндіру зауыты (инвестиция
құны 1,2 млрд теңге, 30 жұмыс орны).
Осымен бірге Бірыңғай индустрияландыру картасы аясында 2022-2025 жылдар аралығында жалпы құны 236,5 млрд.теңгені құрайтын 2111 жаңа жұмыс орнымен 15 инвестициялық жоба іске асыру жоспарланған. Бүгінгі таңда, «ZHANASSYL» ЖШС 2 500,0 млн теңгеге 100 жаңа жұмыс орны бар мақта талшығын өңдеу зауытын іске қосты.