Түркістан облыстық жастар ресурстық орталығында (ЖРО) IT-парк жұмыс жасайды. Технопарктың құрылғанына алты ай болғанына қарамастан облыс жастарының және Шымкенттің сегіз жүзден астам студенттері бағдарламалау тілін үйренді.
ІТ-паркінде кәсіби тренерлер интернет-сайттарды, мобильді қосымшаларды, дизайнды әзірлеуге қажетті дағдыларды үйретеді, сондай-ақ фотошопты дамыту туралы білімдерімен алмасады.
«Біз жастарға IT-өнімдерін қалай тез әрі өз бетінше нарыққа шығару жолдарын көрсетеміз. Статистикалық мәліметтер көрсеткендей, жоғары оқу орнын «Бағдарламалау» мамандығы бойынша тәмәмдаған көптеген студенттер өзінің профилі бойынша жұмыс таба алмайды. Өйткені оларда қажетті білімі, біліктілігі және тәжірибелері аз. Ал біз оларға бағдарламалау тілінің бастапқы негіздерін үйретеміз және үлгілер мен алгоритмдермен қалай жұмыс істеуге болатынын көрсетеміз», – деп облыстық ЖРО IT-паркінің тренері Ұлан Қуандықов түсініктеме берді.
Осылайша, білім алушылар өздеріне керекті дайын үлгіні қайта жасайды, веб-сайттарды қалай құрастыруға болатынын үйренеді. Бағдарламалаудың негіздерін үйрету екі апта ішінде жүргізіледі. Курс екі сағаттық, екі сабақтан тұрады, ал қалған жұмыстарды студенттер өз бетінше үй жағдайында жасайды.
IT-парк ұстаздары білім алушыларға жасап шығарған өнімдерін қалай тиімді сатуға болатынын үйретіп қана қоймай, олардың жұмысқа орналасуына көмектеседі. IT-парктің көптеген түлектері қазір мемлекеттік мекемелерде қызмет атқаруда.
«Біз сайттарды іздеу жүйелерінде қалай индекстелетінін үйретіп, оны қалай сатуға болатынына жол көрсетеміз. Тұтастай алғанда, бір сайттың құны 50 мың теңгені құрайды. Менің ойымша, жас студент бағдарламашылар үшін бұл таптырмайтын табыс көзі болып табылады», – дейді Ұлан Қуандықов
Бағдарламалау тілін 15 пен 29 жас аралығындағы барлық қалаған адамдар үйрене алады.
Бaршaмызғa мәлім, Қaзaқстaн ТМД ішіндe aлғaшқы бoлып, элeктрoндық цифpлық қoлтaңбaны қoлдaнyды, элeктрoндық үкiмeт бiрыңғaй пoртaлындa элeктpoндық мeмлeкeттік қызмeттeрді eнгізудi бaстaғaн. «Цифpлық Қaзaқстaн» экoнoмикacын жeдeл тexнoлoгиялық жaңғыpтyды қaмтaмaсыз eту бaғытындa цифpлық трaнсфoрмациялay бoйыншa кешенді бағдарлама қабылданды. Бағдарламада 2 негізгі мақсат айқындалған. Бірінші, экономика салаларын цифрландыру, цифрлық мемлекетке өту және «Цифрлық Жібeк жoлын» дaмытy aрқылы экoнoмикaны дaмытy жәнe хaлықтың тұpмыс сaпaсын жaқсaртy қaрқынын aйтapлықтaй үдeтy. Eкiншi, aдaм кaпитaлын дaмытy жәнe ұзaқ мeрзiмдi пepспeктивaдa иннoвaциялық экожүйeнi құpу apқылы Қaзaқстaн экoнoмикacының жaңa дaмy трaeктoрияcынa өтy мiндeтi тұp.