21 қыр, 2024 сағат 22:42

Түркістан облысы бойынша еңбек нарығын реттеу жұмыстары қарқынды жүзеге асырылуда


Фото: factor.kz


Түркістан облысында жұмыспен қамту шаралары мемлекеттік бағдарламалар аясында нәтижие беріп жатыр. Бүгінде екі қолға бір күрек таба алмай жүрген тұрғындар үшін нәтижиелі жұмыспен қамту мемлекеттік бағдарламасы аясында жаппай кәсіпкерлікті дамыту бойынша бос жұмыс орындары мен бизнесін бастауға бар бизнестерін үлкейтуге үлкен мүмкіндік беріліп отыр.  Еңбектің тікелей əсер етуінің арқасында жоғары біліктілікті еңбектің дəрежесі көтеріледі, əрбір жұмыс орнының бағасы өседі, жұмыскерге жəне оның еңбегіне талап күшейеді. Еңбек нарығында өте қабілетті жəне іскер жұмыскерлерге қатаң таңдау жүргізіледі. Нарық еңбекке қабілетсіздерді, жалқау, əлсіздерді ешқашан аямайды. Ол еңбектің жоғары шапшаңдығын қамтамасыз етіп, іскерлік пен біліктілікті талап етеді.


Еңбек нарығы — бұл бәсекелік нарық. Оның құрылымдық-функционалдық ұйымдастырылуының өте күрделі болғандығынан, қашан болмасын, жұмыс орындары мен еңбек ресурстарының арасында белгілі сәйкес келмеушілік болады. Өзін алмастыруға жоғары квалификация талап ететін, жұмыс орындарының бір бөлшегі бос болып қала береді, ал қажетті арнаулы дайындығы жоқ адамдардың бір бөлшегі жұмыс таба алмайды. Осындай жағдайда, жұмыстың қандайын болмасын табу үшін жұмыссыздар арасында бәсекелестік пайда болады. Осымен бірге, өз еңбегімен жоғары табыс табуды көздеп ұнамды орналасу үшін, жоғары квалификациялы жұмыскерлер мен мамандар да бір-бірімен бәсекелік сайыста болады. Кәсіпкерлер арасында фирмаға бай тәжірибелі және жоғары квалификациялы мамандарды тарту үшін бәсекелік күрес жүріп отырады. Еңбек нарығында еңбек ақы, баға механизмі арқылы белгілі сегмент шеңберінде жұмысшы күшіне сұраныс пен ұсынысты қалыптастыратын, экономикалық агенттердің кимылдарын үйлестіруге қызмет ететін бәсекелік орын алады.


Еңбек нарығы — бұл өте икемді құрылымдық-функционалдық құрамы бар динамикалық нарық. Еңбек нарығының негізгі мақсаты — еңбек ресурстарын тиімді жəне нəтижелі қамту. Еңбекке жарамды адамдарды жұмыспен қамту аса күрделі əрі мемлекеттік маңызды мəселе. Нарыққа бет алған сайын бұл мəселе экономикалық өмір тіршілігінде өткір жəне батыл койылған саяси экономикалық жəне əлеуметтік мақсаттарға жетудің шартты жағдайларының бірі. Сондықтан еңбек нарығында белгілі ағымдар қалыптасады: жұмысшы күші құрамынан шығушылар, жұмысшы күші құрамына кірушілер; жұмыс іздеуден бас тартқандар; жұмыс іздеуді бітіргендер; жұмыс тапқандар және т.б. Осы адамдардың бейімділігі қоғамдағы жұмысшы күшінін нарықтық динамикасын сипаттайды. Нарықтық жағдаят жұмыс күшінің бағасына және құнына әр түрлі ықпал жасайды. Ол еңбектің бағасына тікелей сипатта әсер етсе, жұмыс күшінің құнына жанама түрде, яғни жалданушы қызметкердің тұтынатын тауар және қызметтерінің баға қозғалысы арқылы ықпал етеді. Баға өндіріс салаларының дамуының басты бағдары болып саналады, сонымен қатар, тауарлар мен қызметтерді тұтынушы мен сатушы арасында, жұмыс беруші мен жалданушы жұмыскер арасындағы қарым қатынастарда дәл сол функцияны орындайды. Жалданушы қызметкерлер жұмыс орындарын олардың «бағасына» қарап таңдайды. Қызметкерлер өзінің жұмыс күшін, сол жұмыс күшіне неғұрлым мол ақы (баға) төлейтін жұмыс берушіге сатуға құқы бар. Егер қызметкерлердің едәуір бөлігі бір уақытта өз жұмысын жоғары ақы төленетін басқа жұмысқа ауыстырғысы келген жағдайда, жұмыс берушілер оларды жалақы деңгейін арттыру арқылы өз кәсіпорынына тартып ала алады. Жалпы, біліктілік деңгейі жоғары қызметкерлер мол салаларда жалақы деңгейі (еңбек бағасы) төмен болады. Яғни, сұраныс пен ұсыныс тауарлар, қызметтер және капитал нарығындағы қалай әсер ететін болса, жұмыс күші нарығында да дәл солай әсер ете алады.


Еңбек нарығы нарықтық сегменттің ерекше түрі болып саналады. Еңбек нарығының құрамды  элементі ретінде психологиялық, физиологиялық, әлеуметтік, мәдени, діни, саяси қасиеттерге ие адамдар танылады. Бұл ерекшеліктер адамдардың қызығушылығына, мотивациясына, еңбек ету дәрежесіне және еңбек нарығындағы жағдайға ықпал етеді. Еңбек нарығы дегеніміз жұмыс күшін тауар ретінде сату, сатып алу туралы экономикалық қатынастар жүйесі. Еңбек нарығында кәсіпкерлер мен еңбекке қабілетті адамдар арасында белгілі бір қарым-қатынастар орнатылады. Сондықтан еңбек нарығы, бұл сұраныс пен ұсыныс механизмі арқылы белгілі бір жұмысбастылық көлемі мен еңбек ақы деңгейі анықталатын, экономикалық агенттер арасындағы бәсеке нәтижесінде қалыптасқан экономикалық орта. Жүйелік тәсіл тұрғысынан қарастырғанда, еңбек нарығы — жүйелер, сегменттер, секторлар және әр түрлі ішкі және сыртқы байланыстардан тұратын, қоғамдық қатынастардың күрделі жүйесі ретінде қарастырылады.


Сонымен бірге, еңбек нарығы, интеграцияланған немесе біртұтас өндірістік ресурстар нарығының қосалқы жүйесі болып саналады. Басқалай өндірістік ресурстарға (құрал жабдықтар, жер т.б.) қарағанда еңбек өзгеше ресурс – өйткені ол сақтау заты бола алмайды, ол өндірістің субъективті секторларымен, қызметкерлердің құнды жеке сипаттамаларымен тығыз байланысты. Өндірістік ресурстар нарығында еңбек нарығы ерекше, айқын орын алады, өйткені еңбек нарығынсыз өндіріс үдерісі болмайды, ал қоғам адамдардың еңбек қызметінен тыс дұрыс жұмыс істей алмайды. Еңбек потенциалы – табиғаттың потенциалдық қабілеттілігінің жиынтығы, еңбек белсенділігі, білім потенциалы және еңбек жолының бағасын анықтайды. Еңбек потенциалын мүмкіншілігін пайдалы қолдануын анықтауға болмыстар тізімі немесе компонент қолданылады, бірақ олар қоғамның жаңаша даму деңгейіне толықтай сәйкес келмейді. Жоғарыда көрсетілген кемшіліктерді жою үшін өндірістік жеке фактордың еңбек потенциал компонентінің тізімін бағыттау және ұлғайту қажет.


Еңбек ресурстарын басқару теорияларының басым көпшілігі адамдар сұранысын қанағаттандыруға әсер етуге байланысты құрылған. Адам факторын басқару туралы қалыптасқан ұғым, персонал басқару практикасы, адамдар ресурстарын басқарудың тиімді жүйесін қалыптастыру мәселесі өзара терең байланысты. Еңбек ресурстары – елдегі халықтың бір бөлігі, олар денсаулықтың дамуымен, алынған біліммен, персонал – мамандық деңгейімен пайдалы қоғамдық жұмыстармен айналысуға бейімді. Еңбек нарығы — экономика жағдайын көрсетудің айнасы. Ол тұрғындарды жұмыспен қамту көлемі мен динамикасын, жұмыссыздықтың сала бойынша деңгейін, кәсіби-біліктілік, демографиялық және басқа да көрсеткіштердің құрылымын байқатады.


Еңбек нарығының атқаратын қызметтері қоғамдағы еңбектің ролімен анықталады:


Әлеуметтік қызметі – адамдардың қалыпты табыс деңгейі мен қолайлы жағдайын қамтамасыз етумен сипатталады. Экономикалық қызметі – адамдардың еңбегін тиімді пайдалану, бөлу, реттеумен сипатталады. Ынталандыру қызметі – еңбек нарығына қатысушылар арасында бәсеке қабілеттілікті ынталандыру, жоғары тиімді еңбекке қызығушылығын арттыру, адамдардың біліктілігін жоғарылатумен сипатталады. Еңбек нарығының құрылымында бірнеше сегменттер бөлінеді: жоғары біліктілігі бар басқару жұмысшыларының тұрақты саны; кадрлық жоғары білікті жұмысшылар және қызметкерлер; құрылымдық өзгерістерге бейімделген өнеркәсіп салаларының жұмысшылары; қызметтер саласын қамтитын еңбек өнімділігінің төмен деңгейімен ерекшеленетін ауқымды еңбек ететін жұмысшылар; жұмысшылардың қорғалмаған категориялары: жастар, қарт адамдар, жұмыс табудан үмітін үзген адамдар.


Еңбек нарығы экономиканың жағдайын, жұмыссыздықтың деңгейін, адамдардың кәсіби біліктілігін, елдегі демографиялық көрсеткіштердің құрылымын көрсетеді. Еңбек нарығының ерекшеліктері: бірыңғай ұлттық нарық ретінде қалыптасуы, еңбекке жалдаудың ерекше көрсеткіші ретінде қалыптасуы. Еңбектің тікелей әсер етуі арқылы жоғарғы біліктілікті еңбектің дәрежесі көтеріледі, әрбір жұмыс орнының бағасы өседі, жұмыскерге және оның еңбегіне талап күшейеді.