01 қыр, 2021 сағат 19:15

Цифрлық даму вице-министрі тағайындалды


Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен Мәлік Серікұлы Олжабеков ҚР цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министрі қызметіне тағайындалды.

Бұл туралы ҚР Премьер-Министрінің баспасөз қызметі хабарлайды. 

Мәлік Олжабеков 1986 жылы Алматы облысында дүниеге келген.

КИМЭП университетін, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін бітірген.

Еңбек жолын 2010 жылы «Республикалық ғарыштық байланыс және радиоэлектрондық құралдардың электромагниттік үйлесімділігі орталығы» АҚ кадрлық жұмыс және құжат айналымы бөлімінің менеджері қызметінен бастады.

2012-2017 жылдары — «Республикалық ғарыштық байланыс орталығы» АҚ-да басшылық қызметтерде жұмыс істеді.

2017-2019 жылдары — ҚР Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Аэроғарыш комитеті төрағасының орынбасары.

2019 жылғы тамыздан бастап қазіргі уақытқа дейін ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Аэроғарыш комитеті төрағасының орынбасары болды.