27 қаз, 2023 сағат 19:52

Топардағы сібір жарасы: Екінші науқастың жағдайы күрт нашарлады

Фото: Pexels

Қарағанды облысында сібір жарасы диагнозы расталған тағы бір науқастың жағдайы нашарлады. Ол реанимация бөліміне ауыстырылды. Науқаста тері-қабыну синдромы өршіп тұр, деп хабарлайды Kazinform агенттігі.

«Бүгінгі таңда сібір жарасы диагнозы расталған екі науқас ем алып жатыр. 62 жастағы пациентте түйнеменің терідегі түрі тіркелген. Тері-қабыну синдромының күшеюіне және ісіну көлемінің ұлғаюына байланысты реанимация және қарқынды терапия бөліміне ауыстырылды. Екінші науқас 41 жаста, инфекция орталығының нейробокс бөлімінде жатыр. Жағдайы орташа ауыр. Толық көлемде ем алып жатыр», — деп мәлімдеді Қарағанды облысы денсаулық сақтау басқармасының басшысы Бибігүл Төлегенова.

Еске салсақ, Қарағанды облысының Топар кентінде карантин жарияланды. Елді мекеннен сібір жарасы табылды. 

Кейін кентте тағы үш адамның осы дертті жұқтырғаны белгілі болды. 

Бүгін түнде бір науқас көз жұмды.