
Мұғалім мен дәрігер кадрлары тапшылығын жедел шешу қажет. Бұл туралы Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің 5-отырысында ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев айтты, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".
«Тағы бір маңызды міндет - педагогика және медицина кадрларын даярлау. Қазірдің өзінде көптеген өңірде осы сала мамандарының тапшылығы ерекше байқалып отыр. Бұл өте күрделі мәселе. Оны жедел шешуіміз керек. Мемлекет осы ахуалды түзету үшін нақты шараларды қолға алды. Мұғалімдер мен дәрігерлердің жалақысын көбейтіп, әлеуметтік мәртебесін арттырып жатырмыз», - деді Қазақстан Президенті.
