02 қыр, 2019 сағат 17:01

Тоқаев Адам құқықтары жөніндегі уәкіл Эльвира Әзімованы қабылдады

Қасым-Жомарт Тоқаев Адам құқықтары жөніндегі уәкіл Эльвира Әзімованы қабылдады, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" Ақордаға сілтеме жасап.

Кездесу барысында Мемлекет басшысы жаңадан тағайындалған Адам құқықтары жөніндегі уәкіл Эльвира Әзімованың құзыретіне кіретін  негізгі бағыттары мен міндеттерін айқындап берді.

Сондай-ақ, Президент жаңа уәкілге құқық қорғау қызметі бойынша Парламентпен және Үкіметпен, сонымен қатар, халықаралық ұйымдармен өзара іс-қимылды нығайту жөнінде бірқатар нақты тапсырма берді.