ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Ералы Тоғжанов санитарлық нормаларды елемейтін тұрғындардың әрекетін сынға алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Мемлекеттік органдардың да, қоғамның да өзара жауапкершілігі ғана қауіпті вирустың таралу тізбегін тоқтата алады. Қазіргі уақытта жалғыз дұрыс шешім — вакциналау және санитарлық нормаларды қатаң сақтау. Соңғы уақытта салғырттық көбейгенін, маска тағуды, антисептик қолдануды, әлеуметтік қашықтықты сақтауды тоқтатқанымызды мойындауымыз керек. Көптеген азаматтарымыз оқшаулану талаптарын мүлдем ұмытты және айналасын қатергі тігіп жүр», - деді Тоғжанов Орталық коммуникациялар қымзетінде.
Спикер бұқаралық іс-шараларды өткізуден және оған барудан аулақ болуды, өзімізге және айналадағы жақындарымызға жанашыр болуымыз керектігін еске салды.
«Біз коронавирус зардабынан екі жылда 18 326 адамнан айрылдық. Бейбіт күнде арамыздағы ардақтыларымызды жоғалттық. Каталдау естілсе де айтайын – көп жағдайда осыған өзіміз кінәліміз. Тығылып қонаққа бару, ресторанның артқы есігінен кіріп той жасау, масқа тағуды қажет деп санамау, санитарлық талаптарды қабыл көрмеу сияқты әрекеттеріміздің кесірінен қаншама адам қайтыс болып кетті. Негізі «Тәртіп – тәрбие бастауы, тәртіпсіздік – өміріңнің қас жауы» деп аталарымыз бекер айтпаған. Қазір босаңситын уақыт емес, аурудың шарықтау шегі әлі алда», - деді Тоғжанов.