11 мам, 2020 сағат 10:56

Тоғжанов елдегі ТЖ режимінің аяқталуына байланысты брифинг өткізеді

Ел аумағында ТЖ режимінің аяқталуына байланысты брифинг өтеді, деп хабарлайды ҚР Үкіметінің ресми сайты.

Дүйсенбі күні, 11 мамырда, сағат 15:00-де ҚР Үкіметінің баспасөз орталығында ел аумағында төтенше жағдай режимінің аяқталуы туралы брифинг өтеді. 

«Шара спикері — ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Ералы Тоғжанов. 

Брифингтің тікелей таратылымын PrimeMinister.kz сайтынан, Mail.KZ порталынан, YouTube ресми арнасынан, FacebookTwitter«ВКонтакте» әлеуметтік желілерінен және Хабар 24 телеарнасынан көре аласыздар», - делінген хабарламада.