06 там, 2016 сағат 10:57

Терроризм ісі бойынша сотталғандар азаматтығынан айырылады

"Алмазбек Атамбаев терроризм және экстремизм үшін сотталғандарды Қырғызстан азаматтығынан айыратын заңға қол қойды. Бұл туралы Қырғыз Республикасы мемлекет басшысының баспасөз қызметі хабарлады", - деп жазады kaz.365info.kz порталы.

Ресми ақпарат бойынша, Алмазбек Атамбаев «ҚР терроризм мен экстремизмге қарсы тұру саласына қатысты бірқатар заң актілеріне өзгерістер енгізу туралы» заңға қол қойды.

Өзгертулер Әкімшілік жауапкершілік туралы кодекске, Қылмыстық және Қылмыстық-атқару кодексіне, «Терроризмге қарсы тұру туралы», «Экстремистік әрекеттерге қарсы тұру туралы», «ҚР азаматтығы туралы» және «Мемлекеттік зейнеткерлік-әлеуметтік сақтандыру туралы» заңдарына енгізіледі. Өзгертулер бойынша терроризм үшін жауапқа тартылған азаматтарды ұстау жағдайы қатайтылады.