Ташкентте қайтыс болған Өзбекстан президенті Ислам Каримовтің құрметіне мешітке "Ислом ота" атауы берілді. Бұл туралы президенттің қызы Лола Каримова-Тилляева өзінің Instagram желісіндегі парақшасында жазды. Оның айтуынша, мешіт жақын арада ашылады.
"Маған және күйеуім Тимур Тилляевқа мешіттің ғимаратын салуға мүмкіндік бергені үшін Құдайға айтар алғысым шексіз. Мешітті салу жұмыстары өткен жылдың соңында басталып, тоғыз ай бойы жалғасты. Өзбекстанның тұңғыш президенті, менің әкем Ислам Каримовтің құрметіне мешіттің атын "Ислом ота" деп қойдық", - деп жазды Лола Каримова-Тилляева.