04 қыр, 2021 сағат 11:19

Тәліптер Панжшерді бақылауына алды - БАҚ

Фото: REUTERS/Omar Sobhani

Yeni Safak түрік басылымы "Талибан" радикалды қозғалысы (Қазақстанда Жоғарғы соттың шешіміне сәйкес тыйым салынған) Ауғанстанның Панжшер провинциясын бақылауына алғанын мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Осылайша, тәліптер Ауғанстанның бүкіл аумағында толық үстемдік алды.

"Ауғанстандағы даулы аймақ Панжшер құлады. "Талибан" сарбаздары қуаныштан аспанға оқ атып жатыр. Аспан қазір оққа толы", - деп жазылды басылымда.

Өз кезегінде, "Панжшер майданындағы" дереккөз бұл аймақ тәліптердің бақылауына өтпегенін айтты,  деп хабарлады РИА Новости.

Бұған дейін Ауғанстанның бұрынғы бірінші вице-президенті Амрулла Салех Facebook-те Панжшер провинциясына баратын гуманитарлық көмекті "Талибан" қозғалысы өткізбей жатқанын жазған. 

Кеше Ауғанстанның Панжшер провинциясындағы қарсылық күштері түнде тәліптердің 350 содырын өлтіргенін айтты.