13 қыр, 2016 сағат 14:39

Талғат Донақов ҚР Президенті әкімшілігі басшысының орынбасары болып тағайындалды

Талғат Донақов Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі Басшысының орынбасары болып тағайындалды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

"Талғат Советбекұлы Донақов Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі Басшысының орынбасары болып тағайындалсын" делінген Елбасы жарлығында. 

Талғат Донақов 1965 жылы Семей облысында туған.

С.М. Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетті, КСРО (Мәскеу қ.) ғылым Академиясының мемлекет және құқық Институтының аспирантурасын бітірді, заңгер-құқықтанушы, заң ғылымының кандидаты.

1991-1992 ж. - Философия және құқық Институтының, Қазақстанның мемлекет және құқық Академиясының ғалым хатшысы.

1992-1994 ж. - Қазақстан Республикасының Жоғарғы Кеңес аппараты төрағасының кеңесшісі, бөлім меңгерушісінің орынбасары.

1994-2000 ж. - Қазақстан Республикасының Президент Әкімшілігінің мемлекеттік-құқықтық бөлімінің, заң жүйесінің кеңесші, сектор меңгерушісі, меңгерушінің орынбасары, меңгерушінің бірінші орынбасары,заң шығару мәселелері және құқықтық сараптама бөлімінің меңгерушісі.

2000-2002 ж. - Қазақстан Республикасының Әділет Министрінің бірінші орынбасары.

2002-2004 ж. – Қазақстан Республикасының Президент Әкімшілігінің мемлекеттік-құқықтық бөлімінің меңгерушісінің бірінші орынбасары.

2004-2008 ж. - Қазақстан Республикасының Президент Әкімшілігініңзаң шығару мәселелері және құқықтық сараптама бөлімінің меңгерушісі, Қазақстан Республикасының Президент Әкімшілігінің Мемлекеттік-құқықтық бөлімінің меңгерушісі.

2008-2015 ж.  - Қазақстан Республикасының Президент Әкімшілігінің Басшысының орынбасары.

2015 жылдың 11 желтоқсанында мемлекет Басшысының Жарғысымен Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет істері бойынша Министр болып тағайындалды.