Фото:dalanews.kz
"Талғар трагедиясы – Қазақстанның қазіргі ахуалының айнасы", -деп отыр белгілі саясаттанушы Досым Сәтпаев. Бұл туралы ол өзінің әлеуметтік желісіндегі парақшасында жазды, деп хабарлайды ult.kz.
"Мұнда ақиқат шындық иесінде емес, билігі мен мүмкіндігі көп адам тарапында. Билік басындағылардың жүгенсіз әрекеттері, халықтың әділетсіздікке ұшырауы, ал мемлекеттік басқару жүйесінің әр деңгейіндегі жемқорлық қанына сіңіп, сананың криминализациясы шенеунікті «паханға» айналдырса, паханды шенеуніктің досына айналдырып отыр.
Соңғы 30 жылда Талғардағы қайғылы жағдай сияқты трагедиялар Қазақстанның әр аймағында көп болды. Бірақ олардың басым бөлігі жария болмады. Кей жерде қылмыстың құрбандарына қысым жасалды, кей жерде билік өкілдері статистиканы «құртпас» үшін барлығын жауып, жасырды.
Биліктің жәбірленушілерге, соның ішінде қаза тапқан жігіттің әкесі мен туыстарына көрсеткен қатыгездігі, (олардың қайғысына ешқандай жанашырлық танытпауы) бұл істің көпшілік назарына түсіп, жариялылығының өзі шенеуніктердің ашуына тиіп жатқанын аңғартады. Бүкіл ел бұл жағдайды бақылап отырғандықтан көп нәрсені жасыру қиын, ал олардың жұмысының тиімсіздігін бүткіл Қазақстан көріп отыр.
Тергеумен айналысатын адамдарға да жоғарыдан қысым жасалып жатқанын ұмытпаған жөн. Бірақ бұл қысым шындықты ашуға емес, істі жылдам жауып, ұмыттыруға бағытталған. Себебі Талғар трагедиясы биліктің беделіне нұқсан келтіріп, жүйенің әлсіздігін әшкерелеп отыр", -дейді Досым Сәтпаев.