Фото: zhetysu.gov.kz
27 жастағы әйелді зорлады деген күдікке ілінген Талдықорған полиция басқармасының бастығы қамауға алынды, - деп хабарлайды Massaget.kz порталы.
"Талдықорған мамандандырылған тергеу сотының 2023 жылғы 14 қарашадағы шешімі бойынша күдікті К.-ға қатысты 2 ай мерзімге қамауға алу бұлтартпау шарасын санкциялау туралы өтінішхат қанағаттандырылды", - дейді Жетісу облыстық ПД баспасөз қызметі.
Қаулы заңды күшіне енген жоқ.
Еске салайық, бұған дейін Талдықорғанның қаласы полиция басқармасының басшысы әйел зорлады деген күдікке ілінгені хабарланған болатын.