Халық өз құқығын қорғайтын төрт бірдей белсендісін таңдады. Олар әртүрлі салада қызмет атқарады.
Сырым Абдраxманов, Дина Елгезек, Денис Кривошеев және Жанна Ахметова "қоғамдық антикоррупциялық омбудсмен" болып сайланды. Екі апта бойы zannews.kz порталында жүргізілген дауыс беру қорытындысы 11-қаңтар күні белгілі болды, - деп xабарлайды "Ұлт ақпарат".
Тұңғыш антикоррупциялық медиа-орталық төрт бағыт бойынша омбудсмен қызметін атқаратын белсенділерді іріктеу үшін дауыс беру жүргізді. Әр бағытта 3 кандидаттан ұсынылған-тын. Нәтижесінде халық өз таңдауын жасады:
Сырым Абдрахманов - антикоррупциялық заңдарды сақтау боуынша қоғамдық антикоррупциялық обудсмен.
Дина Елгезек – бюджеттік және құқыққорғау саласында қызмет атқаратын жұмысшылардың құқықтарын қорғау бойынша қоғамдық антикоррупциялық обудсмен.
Дения Кривошеев – бизнес және қаржы-экономикалық салалар бойынша қоғамдық антикоррупциялық обудсмен.
Жанна Ахметова – балалардың құқығын қорғау және оларға қарсы заңсыз істер мен зорлық-зомбылыққа жол бермеу шаралары бойынша қоғамдық антикоррупциялық обудсмен