15 там, 2016 сағат 12:34

Сүйіндік Серік. Қазаққа шежірені зерттейтін ғылыми-зерттеу институты керек

Егер қазақтың қазіргі шежіре деп жүрген үрім-бұтақ тізімімен есептесек жеті ата емес, кемінде қырық, елу атаға барады.

Неге қазақ жеті атаңды біл деді?

Жұмбақ осы жерде.

Қоранда "ұлыстар мен руларға бөлдік "дейді.

Ал Қазақ неге ұлтты Жүзге, жүзді Елге, Елді Руға, Руды Атаға бөліп таратады?

Жеті ата жүйесінің сыры тереңде. Шежіре теңдесі жоқ ғылым.

Адамды бір ер бір әйелден жаратқаны туралы барлық қасиетті кітаптарда айтылады.

Бір ер бір әйелді жаратқан Құдай қайта -қайта адам жасап отыр ма, жоқ адам жасау заңдылықтарын Ұрықтың бойына орналасқан заңдылықтардың еркіне беріп, сол заңдылықтардың бұзылмауын қадағалап отырма?
.
Демек працес жатырда жүреді. Шежіре бұзылса ол працесс те бұзылады деген сөз.
Ой жіберетін тұс осы.

Себебі ұрпақ әйелд мен еркектің жыныс клеткасының қосылуы арқылы пайда болатынын барша біледі.

Ал ұрықты жаратқан талас жоқ жалғыз жаратушы. 
Демек Шежіре Құдайдан.

Ол туралы "Әбіл мен Қабыл" жайлы аңыз да айтады.

Айтпағым Шежіре ілімі күрделі ілім. Қазақта оның жүйесі сақталған.

"Біреуде алтыншы саусақ болса ол оның жетінші ұрпағынан қайталанады" дейді тұқымқуалаушылық және өзгергіштік заңының тұжырымы.

Демек Шежіре жүйесіндегі рұқсат етілген нәрсені бұзып жеті атаға толдық деп, адам санын санап қыз алысу апатқа апарады.

Ұрықты микраскопен қарап отырған генетика ғылымы да осы пікірге сайып отыр.

Қазаққа шежірені зерттейтін ғылыми иниститут керек.

Тек аңыздар мен тарихи деректерді малдану шынайы ғылымға жатпайды.
Біз кімнен кем екенбіз. Өзгелер сияқты дамыған техналогиямен микраскоп арқылы зерттеп тұжырым айту қазақтың да қолынан келеді.

Тіпті ғылымен зерттесе, Қазақ өзгелерден асып түседі.

Себебі Қазақта күні бүгінге дейін сақталып келе жатқан шежіре жүйесі, үрімбұтақ құжаты, әулет тарихы, бар.

Аңыздар мен мәтелдер - формула!

Бұл мәселеге ұлт болып көңіл бөлінуі керек.

Қазақта шежіре бар. Қазақ шежіре арқылы бірігеді.

Заңдылығын білмесесең трайбалист боласың.

Құр мақтанның күні өтіп барады. Айтқанын дәлелдейтін ғылым деген салаға ден қою керек.

Ештеңе жоғалған жоқ. Қазақ шежіре заңы арқылы бұзылғанын түзеп, үзілгенін жалғай алған ұлт.
Ол ұлылықты әліде жасай алады Қазақ.

Себебі Құдай жаратқан жаратылыс заңдылықтары күшін жойған жоқ.

Күшін жоюы мүмкін де емес.

"Жақсыдан жаман туады, бір аяқ асқа алғысыз, жаманнан жақсы туады адам айтса нанғысыз "деген мателде жұмбақ бар.

Шешуі шежіреде.

Сүйіндік Серіктің фейсбуктегі жазбасынан