16 нау, 2021 сағат 08:15

Стратегиялық салаларда ұлттық жобалар құрылады – Мамин

Стратегиялық салаларда ұлттық жобалар құрылады. Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин айтты, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

«Мемлекет басшысы Қазақстанды дамытудың 2025 жылға дейінгі ұлттық жоспарын бекітті. Оның негізгі басымдығы «мықты экономика» құру болып айқындалды. Стратегиялық салаларда ұлттық жобалар құрылатын болады. Мұнда өңдеу секторына ерекше назар аударылған. Сондықтан өндірістік процеске жаңа технологияларды енгізу бойынша әлемдік трендтерді ескеру маңызды», - деді Үкімет басшысы. 

Осы орайда Асқар Мамин Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігіне «Бәйтерек» холдингімен бірлесіп, цифрлық инновациялық шешімдерді пайдаланатын кәсіпорындарды қосымша ынталандыру іс-шараларын қарастыруды тапсырды. 

«Сондай-ақ өнімділігі жоғары секторларға жұмыс күшін көшіруді ынталандыру бойынша іс-шаралар қабылдауды тапсырамын», - деді Премьер-Министр.