04 ақп, 2022 сағат 12:36

Сириядағы қарулы қақтығыс: Бір түнде 6 бала қаза тапты


ЮНИСЕФ растаған мәліметтерге сәйкес, кеше түнде Сирияның солтүстік-батысында басталған зорлық-зомбылық салдарынан алты бала қаза тауып, тағы біреуі жарақат алды. Бұл туралы ҚазАқпарат БҰҰ жаңалықтар сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

ЮНИСЕФ-тің Таяу Шығыс және Солтүстік Африка бойынша аймақтық директоры міндетін атқарушы Бертранд Бенвелдің айтуынша, өткен түнде Сирияның солтүстік-батысында, атап айтқанда шекаралас Атмех қаласында кең ауқымды қарулы қақтығыс болды. Келіп түскен мәліметтерге сәйкес, халық тығыз орналасқан аймақтарға зақым келген.

«Жыл басынан бері көмекке зәру 1,2 миллион бала тұратын солтүстік-батыс Идлиб провинциясы мен оның маңындағы аудандарда зорлық-зомбылық айтарлықтай өршіп кетті», - деді ЮНИСЕФ өкілі.

Сирияның осы бөлігіндегі көптеген отбасылар зорлық-зомбылықтан құтылу үшін аталған ауданға қоныс аударған көрінеді.