07 там, 2019 сағат 15:48

Сібір мен Қиыр Шығыста 100-ге жуық елді мекен түтінге тұншығып жатыр

Сібірдің және Қиыр Шығыстың 93 елді мекенінде орман өртінен шыққан түтін сейілмей тұр. Жалпы Ресей Федерациясында өрттің 453 ошағы бар, деп хабарлайды ТАСС агенттігі РФ ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Авиалесохрана» федералдық бюджеттік мекемесінің мәліметінше, орман өртінің 453 ошағы әлі сөндірілмеген, 28-і ауыздықталды. Якутия, Краснояр өлкесінде және Иркутскі облысында әлі де жағдай оңалар емес. 93 ауданды түтін басып тұр», - деді ведомство өкілі.

ТЖМ әуе кемелері бір тәулікте тұтану ошақтарына 929 тонна су жіберді. 696 адамнан және 39 техникадан жерүсті аэромобильдік тобы жасақталды. Сондай-ақ, Томск облысынан және Краснояр өлкесінен арнайы топ елді мекен аумағындағы 5 шақырымға созылған өрт ошағын сөндіруге аттанды.