27 қаз, 2016 сағат 23:08

ШҚО-да сұранысқа ие кадрлардың тізімін жасайды

Мемлекеттік білім беру тапсырыс орнын қалыптастыру кезінде 2016 жылы басымдық жұмысшыларға біліктілік бойынша берілді, алайда бұған қарамастан, аудандарда оқытылатын мамандардың көпшілігі сұранысқа ие болмай отыр. Бұл туралы тегін кәсіби білім беру мәселесі қаралған мәжілісте сөз болды, деп хабарлады «ҚазАқпарат» ХАА.

Білім беру басқармасының басшысы Айжан Садықова алғашқы тегін жұмыс кәсібін алу бойынша жүргізілген түсіндіру жұмыстарының нәтижесінде ауылдық оқу орындарына 25-29 жас аралығындағы жастарды қабылдау өткен жылмен салыстырғанда 5 есе өскенін атап өтті. Алайда «Барлығы үшін тегін кәсіби-техникалық білім беру» жобасы сынға қалды.

Мысалы, Бесқарағай ауданында колледж механизаторлар қажет бола тұра, аспаздар мен даяшыларды дайындайды. Бұл ретте мекеменің жүктемесі 40 пайызды құрайды, ал жатақхана бос тұр. Ауыл шаруашылығы техникасы босқа тұр, себебі оны пайдалана білетін мамандар жоқ. Өңір басшысы Даниал Ахметовтің пікірінше, басымдық номаналды төлемге, студенттерді көптеп жинауға берілуі тиіс. Алайда соңғы нәтиже еншкімді толғандыра қоймайды. «Аудандық колледждерде бірінші кезекте, ауылға қажетті кәсіптерді оқытуы тиіс», - деп атап өтті облыс әкімі.

Ведомство «Барлығы үшін тегін кәсіби білім беру» жобасы аясында оқытуға тартуға арналған жаңа нысандар табу қажеттігі сөз болды.  Білім беру басқармасы кәсіпкерлік палатасымен ынтымақтасуы тиіс. Бірақ бұл жеткіліксіз. Аудандарда мамандар жағдайын талдап, әр өңір үшін басым кәсіптерді анықтау қажет.

Бұл үшін кәсіпкерлер палатасын ғана емес, ірі кәсіпорындарды да тарту қажет. Кімнің қажеттігін солар біледі. Бір айдан  соң аудан әкімдері сұранысқа ие мамандықтардың тізімін беруі тиіс. Сол бойынша келесі жылға білім алушылар жиналады.

Айтқандай, 2016 жылы  «Барлығы үшін тегін кәсіби-техникалық білім беру» жобасы бойынша 35 мың адам оқытылады. Олардың екі мыңдайы ауылдық жерге келеді. Келесі жылы мамандар санын 3000-нан 6000-ға ұлғайту жоспарлануда.