17 там, 2016 сағат 00:40

Шекербекова ширек финалдан аса алмады

Рио-де-Жанейрода өтіп жатқан ХХХІ Олимпиада ойындарында бокстан қыздар арасында 51 келі салмақ дәрежесінде өнер көрсететін қазақстандық боксшы Жайна Шекербекова алғашқы жекпе-жегінде жеңіліп қалды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

Жерлесіміз ширек финалда франциялық Сара Урамунмен кездесіп, 3:0 (39-37, 40-36, 40-36) есебімен есе жіберді. 

26 жастағы отандасымыз бірінші айналымда бос қалып, кездесуді бірден ширек финалда бастаған болатын.

Айта кетсек, Риода  Қазақстан намысын Жайнадан бөлек Дариға Шәкімова қорғап жатыр. Ол алғашқы кездесуінде екі дүркін әлем чемпионы, канадалық Ариан Фортинді ұтқан болатын.

Ұлт порталы