15 шіл, 2025 сағат 11:43

Шардарадағы жағажайдың тазалығы мен қауіпсіздігі тексерілді

Фото: Түркістан облысы әкімдігі

Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров «Шардара» су қоймасы маңындағы жағажайды аралады. Туристік нысандардың жұмысын реттеу бойынша мәжіліс өткізді, деп хабарлайды Ult.kz.

Өңірдегі демалыс орындарына сұраныс көбейген.  Облыстық табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасына демалыс орындарын тіркеу, заңдылығын сақтау бойынша тапсырмалар берілді. Салғырттыққа жол берген басшылар пен қызметкерлер тиісті тәртіптік жауапкершілікке тартылады.

Сондай-ақ жағажайларда құтқарушылар санын көбейту, автотұрақты реттеу тапсырылды.

Айта кетейік, Тоқаев елдегі демалыс орындарының сапасы төмен екенін айтып, Үкіметке ескерту жасаған еді.