11 мам, 2020 сағат 21:42

Шанхайдағы Диснейленд үш ай үзілістен кейін қайта ашылды

Дүйсенбі күні Шанхай Диснейленді коронавирус пандемиясына байланысты карантиннен кейін ашылған әлемдегі Уолт Дисней паркінің алғашқысы болды, деп хабарлайды Chinadaily News агенттігі.

11 мамырда саябақта танымал «Минни флорасы» айналасында арнайы ашылу рәсімі өтті. 

Актерлер мен шақырылған қонақтар Диснейдің 30 шақты кейіпкеріне, соның ішінде Микки Маус пен оның достарына, Даффи мен оның достарына қосылды.

«Біз бүгін Шанхай Диснейлендін ашып жатқаныызға өте қуаныштымыз... Біз қонақтарды асыға күтеміз», - деді Shanghai Disney Resort президенті және бас директоры Джо Шотт.

Басшылық жаңа ережелерді енгізді, атап айтқанда билеттерді алдын ала броньдау, ойын-сауық мекемесінің барлық аумағында қашықтықты сақтау, сондай-ақ тазалау және дезинфекциялау жиілігін арттыру.

Еске салайық, парк 25 қаңтарда Қытайда коронавирус өршіп тұрған шақта жабылған еді.