Шал - соңғы жылдарда қазақ кинематографиясы берген елеулі туындылардың бірі. Бұл фильм - Эрнест Хэмингуэйдің «Шал мен теңіз» хикаясы желісі бойынша түсірілген. Түсірілім 2011 жылдың ақпан айында басталып, 2012 жылдың басында аяқталған. Фильмде басты кейіпкерлердің рөлін - актер Ерболат Тоғызақов пен Орынбек Молдахандар сомдады.