08 қыр, 2016 сағат 11:28

Серік Өміртай. Қазақ билігі елін, халқын тонауды қашан тоқтатады?

Жолда полиция қаптап тұратын тек біздің мемлекет пе деп ойлаймын. Алыс бармай ақ мына қытайда да жүрдім. Ресей жерлерін басып монғол еліне де өттік. Байқағаным, Қазақстан шекарасынан шыққан жүргізуші тұтқыннан босағандай əсерде болады екен.

Кеше ресей шекарасын басып келген жолаушылардың да айтқаны сол "жолы да жақсы рахаттанып жүресің. Жолда 300-500км-де бір полиция тұрса тұрады. Оның өзі бет алды тоқтатпайды. Ал қалай Қазақ шекарасына кіреміз, өзі мың шұқыр тесік жүйкені жеп келе жатса, айналасы 100 км жолда 9-10 жерде полиция тұрады" дейді.

Бұл расымен масқара!

Ұят! Тонау!

Полицияға халықты тонатып отыр!

Жолдың бəрін автоматтандыру керек. Қамера, спутник, басқа да бақылау тәсілі жеткілікті. Техника технология дамыған кез. Оған қаражат та жоқ емес. Азын аулақ полиция жолды потрулироват етіп жүру керек. Ал қалған состав қандай да шұғыл жағыдайға дайын тұруы керек. Ал бізде бір жерде қаза болса, айналада толып жүрсе де кем дегенде бір, біржарым сағат күтеміз. Себебі бəрі "охотада". Патрул жүріп жүріп сақтандырып, алдын алып бақылап жүру керек. Тұрып алып охота жасамау керек.

Бізде полиция қате жасап қоймауын қадағаламайды. Керісінше қате жасаса екен деп аңдып жүреді. Қате жасағанша ескертпейді. Қате жасауыңды күтіп тұрып "айыппұл саламын" деп бопсалайды. Мысылға, өздеріңіз көріп жүрсіздер ғой. Жаяу жүргіншілер өтетін белгі тұрған жердің ары жағына барып, күтіп тұрады. Неге? Жаяу жүргіншілерді өткізбесе ұстап "айыппұл саламын" деп бопсалау керек оларға. Ал шындығында олар сол белгінің қасында тұрып сол қателіктің орын алмауын қадағалау керек.

***

Ұзын сөздің қысқасы, "жолда полициясыз тəртіп болмайды" деген ескі қағидадан айыру керек. Қазір жолды бақылауда полиция қызметін алмастыратын техника, технологияның неше түрі дамыған кез. Ал полиция сол техниканың байқаған қателіктерімен жұмыс жасау керек. Бұл жол бойындағы полиция қауіпсіздігі, денсаулығы үшін де, адамдардың жолда еркін, қауіпсіз жүруіне де, жемқорлықтың жолын кесуге де, əділдікке де үлесі зор.

Бұл мемлекетке де, халыққа да пайдалы. Ортада делдал, ымыра, бопсалау, жемқорлық (5000 айыппұл салдырғанша 2000 қолға беріп құтылып кетейін) болмайды. Кикілжің, ұрыс-керіс, түсініспеушілік, қылмыс деген болмайды. Полиция да өз қадір қасиетін жоғалтпайды. Мемлекеттің де бет беделіне жаман адамдардың кесірінен нұқсан келмейді.

Ал қаптаған патрулдарды табиғат тосын жағыдайлары (қыс, мұз, қар, жолды су басу, өрт), қылмыс және басқа төтенше жағыдайларда ғана шығару керек.

Серік Өміртайдың фейсбуктегі жазбасынан