
Сайлау алдындағы саяси партиялардың телевизиялық пікірсайыстары «Хабар» телеарнасында тікелей эфирде өтеді. Бұл туралы ҚР ОСК мүшесі Ерлан Дауылбаев айтты, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".
«Дебат «Хабар» телеарнасында тікелей эфирде өтеді. Регламент бекітілді, ол бойынша барлық партияларға бірдей уақыт беріледі. Осы орайда нақты бір партияларға артықшылық берілмеді», - деді Е. Дауылбаев онлайн режимдегі баспасөз мәслихатында.
Белгілі болғандай, телеарнадағы пікірталасқа регламент бойынша 80 минут берілген.
Бұдан бұын хабарланғандай, 2020 жылғы 30 желтоқсанда саяси партиялардың сайлау алдындағы телевизиялық пікірсайысы өтеді.
Айта кетейік, Ортсайлауком мүшесі Анастасия Щегорцова партиялар атынан сайлау алдындағы пікірсайыстарға кімдер қатысатынынын жариялады.
