Әлеуметтік әрекеттер доктринасы, басқа теориялармен қоса, ерекше түрде саясатты қамтиды. Осылай бола тұрса да, бұл мәселе әлсіз зерттелуде. Мұның себебі аз емес. Ең алдымен, көп шығынға ұшыраған қоғам танудың әдістемелігінен қарастыру қажет. Оның ішінде Одақта орын алған әлеуметтік ізденістерге идеологияның билік етуі күшті болды. Оның үстіне бірталай ғалымдардың асыра мақтауы проблеманы ушықтыра берді.
Саясат қоғамдық сананың компоненті, өзегі, ойлау саласы, әлеуметтік көріністердің рухани құрылымы.
Мемлекеттік институттар, өкімет және саяси қоғамдық сананың түрлері олар біріне-бірі жақын. Бірақ бірін-бірі ауыстыра алмайды, міндеттері әртүрлі.
Мемлекеттік институттар – саяси акциялар саласы. Өкімет саясатқа қарағанда билік жасау, соның нәтижесін бағындыруды көздейді. Артықшылық әсері бас мемлекет тілі арқылы, мемлекеттік бірлікке тіл бірлігі арқылы қол жеткізіледі.
Саясаттың жауап беретін сұрақтары аз емес. Саясат – сырттағы оқудың драмасы емес, ол мүдделі қатысудың, әрекеттің, істің драмасы. Ұршықша айналған айладан таза, есті басқаруға дейін қамтылады. Жеке және топтық мүдделерді іске асыратын құрал да кәсіби басқару. Басқару, талдау ресурсыда кеңінен пайдаланылады. Саяси шынайылықты жіті бағалау өнері, үйреншікті өмір фактыларына мұқият қарау іс қимылының серігі болып табылады.
Саясаттың жоғарғы міндеті – әлеуметтік әрекеттің өмір жағдайындағы рационалдылықтың естілі болуын таныту.
Жағдайға байланысты саясат әртүрлі болады. Саясат бірте-бірте күш ала отырып, байырғы тобырды ұйымдастырылған жанжалға дейін әкелу мүмкіндігі болады. Жаратқан: «дене емес, жаныңды жоқ қылатыннан сақта» дегендей, әлемді сүйіспеншілік пен аштық билеп қоймай, тойымдылық, ұқсастық, мүлдем қарамай өзіне ұқсастармен бірігіп кетуде қолданылады.
Жарамды өкім – жан үстінде тұруға ұмтылады. Мұны қалайтындар жаратқанның айтуын «Мен – әрі жол, әрі ақиқат, әрі өмір» басшылыққа алады. Осы кездегі әлеуметтік мылжыңдар адамгершілікті бойына сіңірген өкіметтің салыстырмасы мономахтың бас киімі. Әлің келгенше жоғарыға қызмет жасау бір жағы болса, екінші жағы жоғары атынан сөйлеу. Осыны Лев Толстой жақсы түсінді. Ол дүниеде өзінен басқа көптеген адамдар бар екенін, ал, бір ғана Левке қарауды қаламады. Өзін шындықпен матастырып қою, әрине, керемет қасиет. Бірақ, КОКП басшыларының шындықты өзіне ғана тән етуі жаманшылықпен біткені елге мәлім.
Қоғамдық дамудың капиталистік фазасы негізінен әлеуметтік интеграцияның екі тірегі – бағындыру мен техникаға сүйенеді. Зорлық, шиеленістіру, қарсы тұру, белсенді геосаясат капитализмнің империалистік сатысының принципі әлсізді күштіге зорлату. Рузвенттің бекітуі: Жиырмасыншы ғасыр – бұл көптеген ұлттардың тағдырын шешетін ғасыр. Егерде, біз тек қана бос, мейрамды болмысқа, арсыз дүниеге ұмтылсақ, егерде, біз өз өмірін, өзіне қымбат қауіпті күрестен шеттей бастасақ, сонда, бізден қуатты халықтар бізді қуып жетіп дүниежүзілік билікті жеңіп алады» (аударған автор). Зорлау, күштеу, басып алу, жеңгендердің мәз-мейрамы және жеңілгендердің сорлы болуы, міне, осы контексте адамзат өзінің тұтастығын сезінеді. Айтылғандардан басқа инструтализмнің кең жайылуы техника, технологиялық жетістіктерге сәйкес, Рузвент көрсеткендей, жекелеген мәдениеттің дүниежүзілік дауы аяқталады. Қорқынышты кризистер арасында жержүзілік бірлестік дәуірі басталады. Осы бірлестіктің құрылымы мен келешегінің айтылуы әбден түсінікті. Бұл терістік табысының тұйығы. Түсінікте қайыршылықтың күшеюі, арсыздық, өмір сүру ортасының жүдеуі, биосфераның жалпы ыластануы.
Энштейн – Рассея монифесінде барлығымызды апатқа әкеліп соғатын сорақылықтың алдын-алу қажеттігін көрсетті.
Саяси эвалюцияны зерттеушілер микро және макро процестерге көңіл аударады. Микро процесс эволюцияның іске қосылу, өсу, генетикалық жағына зер салуға, талдауға бой ұсынады. Ал, макроэволюциялық процесс белгілі бір елден бастап, өркениетпен бітетін жер үстіндегі көріністер мен құбылыстар динамикасын зерттеумен шұғылданады. Макроқозғалыстар нәтижесінде болған жаңа саяси бөлшектер бірге еңбектену, не бәсекелесу арқылы саяси жәйтті байытады, эволюция күштеріне басымдылық бағыт береді.
Саясаттың бөлінбейтін эволюциялық құрылымының негізі саяси топ болады. Саясатта жеке бас маңызды болғанмен, саясаттың жүйелік сипаты көптің, топтың өзара іс-қимылдарының болуы саяси ұйымшылықты тудырады. Мұны топтық айналым талап етеді.
Саяси туындылардың негізі – этос, құндылықтар аумағы. Басқа топтарды жолатпау қажет. Этос бір-біріне жақын бастардың бірлігін сақтауға әбден мүдделі. Этос туудың, өмірге келудің прогрессивтік динамикасына жағдай жасайды, әр түрлі өзгерісте болады. Микро және макро процестерсіз эволюция мүмкін емес.
Элементтік саяси эволюциялық құбылыстардың, феномендердің қалыптасуы, популяцияның, көбею заттық және заттық емес сипатпен байланысты болады. Заттық, материалдық зәру болмау, саясаттың тығыздығы, ширақтылығы, масштабтылығына әсер етеді.
Саясаттың есте ұсталуы, рационалдығы орынды іс-әрекеттің табиғат және қоғамдық дамудың іргелі заңдарына сәйкес келуі болады. Тұйықталған, локалды жағдайда саясаттың есептелуімен көрінеді. Ғаламдық талқылауда адамзаттың әмбебап іс-әрекеті еске алынады.
Саясаттың екі жағы бар. Олар шынайы, ақсамайтын, саушылығы түгел саясат және саясатсымақ – политиканство саушылығы түгел – арандатуды көздейді. Заң, тарих, халық алдындағы саяси ақиялар субъектілерінің легалды – легистимдік, ашық заңдылық жауапкершілік, азаматтықты сақтауға зер салған іс-әрекеттің жүйесі болып табылады.
Саясат адамгершілікке басым, өзін-өзі асыра мақтамайтын, өмірге есеп бере білетіндердің іс-әрекеті. Саясатқа қарамастан саясатсымақ – политиканство өзіне сай жайт – конъюнктура, үрей айдап салу тарих жасауға қарсы жоғары руханиятқа толығымен айла-опасыз жасау іс-әрекеті.
Есі түзу саясат екіге бөлінеді. Олар нақты курс (әлеуметтік технология – policy) және саясат саяси қатынастың пайдалы версияларын осы шаққа көшірудегі рефлективтік доктрина.
Рухани түрін (білім) байқау, қараумен шектеледі, практикалық рухани түрі (саясат) іске толы. Саясаттың тағайындалуы және оның міндеті – қайта құру, өзгерту, іске асыру. Саясаттық рационалдығы әлем құрылысының рационалдығы өмір өзгерісі, осыдан саяси технологияның (policy) және апология көкке көтеру (politics) орын алады.
Саяси технологияның рационалдығы конституция, азаматтық құқықтан құмарлықты, көп ойлауды және алжасуды, аспан жұлдыздарына жететін жолдарға жетектеу, олардың ішінде «игілік», «бақыт», «гүлдену» ұғымдарына қол жеткізуі болады. Бастысы адам, халыққа зұлымдықты, зорлықты жасамауды талап ету мемлекет тарапынан күнделікті өмірге қол сұқпау, адам өз еркімен өмір сүруі, қоғамдық белсенділігі, өзара шынайы өмір кешуі өмір проблемалары осы Платонның пікірінше, құрметті саясаткер әділетсіздікке баспайды. «Адамдардың жеке және қоғамдық болмысын» таба алады.
Рационалдықтың екінші түрі – «шынайы шындыққа (Посошков) – затсыз байлыққа негізделген. Сонымен, тарихи болмыс сипаты, тарихи өмірдің шынайы мақсаты өркениет жемісін молайту. Соның нәтижесінде өндіріс тыйымдылығы, конституцияның бұзылмауы, жариялылық өмір кешудің икемділігін қамтамасыз ету. Сайып келгенде, әңгіме адамзат эволюциясының көз алдында болуы жөнінде болып отыр. Шеллинг тарихқа билік жасайтын жазалау деп жазды. Мұнымен келісуге болмайды. Тарихты билеуші сыннан өткен өркениетті іріктеу арқылы іс басқаруға шақырылған, тарихи тұлғалар. Адам жағдайына сай өмірді ұйымдастыра білетінін танытады. Қоғам, мемлекет олардың басқаруына көнеді.
Саясат електің нәтижесі, жеңілтек тәртіп, осал мінезді мырзаларды істен кетіру. Табиғи таңдау өмірді өркениет адамгершілік, әлеуметтіліктің жоғарғы тірегін бекіту болып табылады. Қоғамдық болмыс тәртіптелген, ішара байланысты, реттелген бұл экстремизмді жолатпау, болдырмау, шығындарды әкелмеу. Саясат әлсіз болғанымен, қалай болса солай жүргізілмейді. Айталық, саясаткерге пайдалану, өмірге қажеттілерді көтеру бағдарламасы қажет. Бірақ, бұл саясат халықты азайтуды талап етеді. Азаматтарды екі есе азайтып, өмірге қажеттілікті екі есе өсіресің. Бұл керек пе? Ойлану керек! Тіпті, қазіргі жағдайды саясаттың рациональды диалектикалық айла тоқуындағы соңын қараңыз! Триада, үштік: «мақсат, құрал, нәтиже» осыдан барлық мақсат жарамды емес; тіпті, жақсы мақсаттың жеткізбеуі сирек емес; қол жеткен мақсат ешуақытта аса қиындықсыз болмайды.
Саясаттың рационалдығы өркениеттің тағылыққа қарсы тұруы. Мұның екі принципі бар: дивергенция – көп жақтылықты молайту, айталық, Шығыста бағынушылықтың басталуы; Батыста азаматтық басталуы.Екінші принцип Конвергенция – тарих бірлігі және өркениеттік өмір сүрудің барлық жағдайында адамға ылайықты өндіру. Өмір саласын қалай құрғанда да оның мәні кепілдік етілген өмірге қол жеткізу, ертеңгі күнге сенімділіктің болуы.
Әлеуметтік жекелікке саяси әсер етудің аясы тар инициатива прокрустов қойнауының қысымында байқау, қарау, қолдауды құптайтын либералдық технологияның мәні өте зор.
Саясат және алаңсыздық (риск) бір-бірінен бөлінбейді. Саясатта бұдан құтыла қоймағандықтан алаңсыздықтың арасында болу керек, қылмысқа бармай алдын алу, сенімділікпен аяғың тиген жердің мызғымайтыны, ойланылып істеген инициатива ол үлесін алатыны. Міне, осының бәрі еске алынуы керек.
Алаңсыздықтың объективтік жағы – шындықтың көпфакторлығының болуы, жеке мүдденің, мақсаттың орын алуы. Субъективтік жағы – саяси тұлғалардың бәрін бірдей айта алмайтындығы, хабар дайындаудағы кемшіліктер де қатты әсер етеді.
Қоғамда ешбір жанда, саясаткерде де қалай болса қызмет ету артықшылығы болмайды. Саясаткердің жауапкершілігі аса үлкен тақырып, қарғыс атқан мәселе. Оның басына қиындық түседі, белгіленген жоғалтудан апатқа апаруға дейін созылады.
Жағдайды талдау, оқиғаның дамуына сәйкес бағдарлама жасау саяси шешімге жатады. Саяси шешім және оның антологиясы анықтылықсыздық, түрлі маңыздылық, көпфакторлығы, қайта болмайтыны, тездетілуі. Саясаткердің дайындағаны қолдағы ойыншыққа ұқсайды, күтпеген жерден қарсылық тез арада жауап беруге мәжбүр етеді.
Саяси шешімдерді жасау себеп, материалдық және рухани жетістіктер, азаматтылықты қорғау, өзінің іске жарауы т.б. мұқият ескеріледі. Кездесетін кедергілерді азайту, еркіндікті көбейту, таңдау мәдениеті – саяси еркіндік жүйесі екені анықталады. Ойын теориясы анықталмаған жағдайда, мүдделер сәйкес келмейтін жағдайда тиімді шешім қабылдаудын жалпы принципін көрсетеді. Өмір ағысын бірте-бірте қабылдау, сынаудың күшейгенін еске алу, сынауға сәйкес келетін шараларды белгілеп, халықты іске тарту шаруасына жұмылдыру қажет. Қызу қарқын, терең ой, ашық кәсіпшілік еліміздің тәуелсіз мемлекет тілін нығайтады, тәуелсіз ел туын әлемде желбіретуді талап етеді.
Еліміз жасай берсін!
Сағындық Кенжебаев,
профессор
"Ақиқат" журналы