"Сауд Арабиясы Ресей, Иран және Иракпен Азия нарығындағы бәсекелестік аясында өткен аптада мұнай түріне байланысты оның бір баррелінің құнын шамамен 0,7 - 1,3 долларға арзандатты" деп хабарлады ТАСС агенттігі The Wall Street Journal басылымына сілтеме жасап.
«Бұл Сауд Арабиясының Таяу Шығыс пен Еуропаның азиялық нарықтағы бәсекеге қабілеттілігін нығайту үшін жасалған», - деді ақпарат көзі.
Екінші тоқсанда Сауд Арабиясы Үндістанға мұнай жеткізу бойынша Иракты алға жіберіп алды. Ирак бұл елге 11 млн тонна мұнай сатқан. Бұл корольдік көрсеткішінен 1 млн тоннаға артық, деп атап өтті басылым.