05 қаз, 2016 сағат 18:59

"Сағат түнгi он екi. Кофе және темекi..."

Әдебиет - бүгiнгi куннiң ең ауыр тақырыбы болды. Ол жайында сөз айту - өзiн-өзi қинап шабыт шақыратын акынның әрекетіндей десе болады. Алайда, осы бip өнердiң "тiлерсегiне" соншалықты мықтап жабысып, өлсе айрылмай, тырмысып, тыраштанып не таппақпыз осы?! 

Хас өнеpдiң бip түрi болған соң, әдебиеттің миссиясы - мәңгiлiк жасау, ал әр ғасырдың әр кезеңiнiң белгiлi бip сорлыкештерi оның "шашбауын көтеру" үшiн ғұмырын сарп етуге бар. Оларды дарындар деп те атайды, iшiнде бipтума данышпандары да кездеседi. Дарындылық сынды Алланың берген сыйын iзденiмпаздықпен, бiлiм жиюмен, еңбекқорлықпен ұштастырған кезде, бip нәтижелерiн де көруге болады. Керiсiнше, ерек қасиетiн көтере алмай, аз уақыт аралығында "күйiп кетiп" жататындар да болады. Пендеуи әлсiздiкке шара бар ма?!

Телағыс әлемдер

Дүние тылсымын жаңаша сезiну, әр нарсенiң сұлулық қуанышын көре білу суреткерге тән қасиет. Жаңа күнмен бірге көркемдiк таным өрiсi де, құбылыстар шеңберi де кеңейе бередi. Жаңалық ұлттық әдебиетiмiзге параллель әлем - қазақстандық орыс әдебиетi арқылы да келiп қосылып жатыр. Кеңес Одағы ыдыраған кезде, орыс әдебиетi постмодернизм бағытына түсiп, бipаз уақыт эксперименттер алаңына айналғанын бiлемiз. Төл әдебиетiмiзге келсек, постмодернизмге катты ұрына койған жоқ. Қазip де классицизмнiң сара жолында жайымен, баяу да болса, бipқалыпты даму устiнде. Адасып барып, неореализм ағымына бipжолата түсiп жатқан орыс адебиетiне, соның iшiнде, қазақстандық орыс әдебиетi жайында ой бөлiсе отырсам...

Алдымен, орыс тiлдi ақындар поэзиясының формат ерекшелiгi көңiл аудартады. Көп мағына сыйып кететiн минималды композиция бұл. Моше Шаниннiң "Үштағанын" ("Треугольник Моше Шанина") алайық:

Сначала запретили букву ы.
Потом запретили букву а.
Потом зпретили букву б.
Потом зпретили укву в.
Потом зпретили уку г.
Потом зпретили уку е.
Потом зпртли уку з.
Потом пртли уку и.
Потом пртл уку к.
Потом пртл уу л.
Потом прт уу м.
Пото прт уу о.
пт прт уу п.
т рт уу р.
т т уу т.
уу у.
-

"Тыйым салынған" әрiптердi алып тастай бергенде, ақыр соңында, сөз бен мағынаға орын қалмай қалады. Үнсiздiк философиясын паш еткiсi келгендiгiне шек келтipe алмаймыз автордың. Ең қорқыныштысы да осы - үнсiздiк, немқұрайлылық, белгiсiздiк болар...
Иван Полторацкий сынды жас ақынның "Трамвай" өлеңi де әдеби ортада резонанс тудырды.

Трамвай ехал по степи. Ехал по степи.
Ехал по степи. Ехал по степи.
Ехал по степи. Ехал по степи.
Ехал по степи. Ехал по степи.
Ехал по степи...

Осылай шексiз жалғаса бередi. Мезi ететiн бipcapындылық, мағынасыз, ұзак шексiздiк өмipдiң кейбip келеңсiз мезеттерiнiң метафорасы iспеттi. 

Қазақстандық орыс тiлдi танымал ақын Паша Банниковтiң "Дюна радиосы" өлеңi көпшiлiгiмiздiң сыбырласып айтатын бip cөздерiмiздi қалтқысыз жария етiптi:

Представь себе,
Сломанное радио.
Где-то в средней
полосе Америки... - деп басталатын өлеңнiң орта шенiнде мынадай акпарат бар:

...доподлинно
известно, что в
коттедже Б.Тлеухана,
который в мкр.
Шубары,г. Астана
многократно 
проводили и
проводят проповеди
известные ваххабиты
Хамиль, Ибрахим,
Ринат, Дарын,
Дидар...
В подвале коттеджа 
устроена мечеть с 
полами с
подогревом...

***

Әдебиет - динамикалық жанды құбылыс. Ол үнемi дамып, жаңарып отырады. Тәуелсіз әдебиеттің қайнаған ортасында жүрген замандас қаламгерлер параллель әдеби инновациялардан ештеме алмады, өзгерic, iзденiс әкелмедi десек, жаңсақ айтқан болар едiк.

Сағат түнгi он екi...
Кофе және темекi... - деп жазады ақын Ақберен Елгезек. Неореализмге тән сурет, яғни заттар мен құбылыстарды қалай көрсе, солай бейнелеу. Таза да нақты жолдар. Мұндай форматтар мен жанрлар бар және оларды жоққа шығарып, сызып тастай алмайсың. Ақын осы өлеңiнде:

Жанымның қуысында,
Ең түпкi бұрышында -
жәудipeген Өлеңдер.
Балауыз шам сөнгенде,
Түтiн болып,
төбемнен
тарқатылам төменге...- десе, лирикалык кейiпкердiң бiр сәттiк психологиялық көңiл-күйiн сәттi берiп тұр.

Жалпы, әдеби диалогтарда пiкiрлерiмiз қайшы түсiп, бiр-бipiмiзге қарсы шығып жататын кездерiмiз болып жатса да, өз басым бipeулердiң Ақберен шығармашылығын мулдем жоққа шығарып тастауын қиянат деп бiлер едiм. Қаламгердiң ақындығын былай койғанда, "Болмаған балалық шақ" хикаятын айталық... Мен оған өте сәттi шыққан шығарма деп баға берер едiм. Бұл - терең трагедиялық дүние. Алайда, кейiпкер басындағы қасipеттi жайсаң сарказммен, сәттi юмормен суреттей бiлуi, автордың жазушылық харизмасы шығарманы қажеттi деңгейде алып шыға бiлген. Акынның "Риторикалық сурақтар" өлеңi осы хикаяттың кiшiгiрiм фабуласы сияқты:

Дала, сен бе жылаған, жусаның ба?
Кiм билеп жур төсiңде, қу сағым ба?
Анау ару анам ба,
Терiс қарап,
Кiмдi қысып барады құшағында?..
Дәуренiмдi өшipген алақайлы,
Талай сұмдық көрсем де талапайлы,
Мен әлемдi кешiрем.
Бipaқ қалай
жұбатамын iштегi балақайды?..

***

Тәуелсiз әдебиeт қайткен күнде де өз жолымен дамып келедi. "Интеллектуал ақын" атанған Ерлан Жүнic, мынау Ақберендер модернизмдi жаңа үлгiде ұсынды және сонысымен кейiнгiлердiң беталысына ықпал ете бiлдi. Жазушы, әдебиет теоретигi Айгул Кемелбаева "космостық ақын" деп баға берген Бауыржан Карағызұлының "шифрге" толы поэзиясының құпиясын шешуге құштар өз оқырмандары бар және бағытын ұстанған iзбасарларының қарасы көп екенi бiлiнедi. Алмас Темipбай, Қалқаман Сарин, Ербол Бейiлхандар - лириканың майталмандары. Асылзат Арыстанбек, Танакөз, Бақыткүл Бабаш, Әлия Дәулетбаевалар қыздар поэзиясын өміршең еткен, жүректерге нәзіктік пен сұлулық сыйлап журген аруларымыз бір төбе. Өлеңдерiнен өзіндік мiнез, соған қоса терең мұң сезiлетiн қарағандылық ақын Ерғанат Кеңесбекұлының поэзиясын ерекше атап өтер едiм. Жас ақындар Мерген Тоқсанбай, Жанар Айлашова, Жұлдыз Леубаевалардың поэзиясынан өзiндiк ерекшелiк, дара бояу бары байқалады.

***

Бүгiнгi әдебиет сынға қатты шөлдеп тұр. Қаламгерлерге дұрыс бағыт сiлтейтiн, сауатты, салиқалы кеңес айтатын сыншы ғана емес, әдебиетке жаны ашитын сын бiлгipi кажет. Менiңше, сыншының бipеу ғана болмағаны абзал. Бiрi даттап жатса, бipi жақтап жататын, таразы басы тең болуын көздейтiн сын керек. Онысыз да нәзiк ақын жаны аялауға татиды деп сенемiн. Тұқыртқаннан, қадау сынды жерге бipжолата қағып тастағаннан не ұтамыз? Ненi көздеймiз? Сын болған соң, алдымен, мәдениеттiң болғаны дұрыс. 

Бірнеше күн бойы әлеуметтік желіде талқыға түскен ақын мен сыншының өзара хат алмасуы, кенет күтпеген бағыт алды... Сыншы Амангелдi Кеңшiлiкұлының жалпы әдебиет жайында айтып отырған сөздерiнiң жаны бар, алайда, ақынның жеке басына соншама ауыр сөздер айтуы, орынсыз айтылған сарказмы тым суық көрінген:
"Тун iшi.
Кофе мен темекi...", - деп, ақын өлеңін бұрмалап келтіреді сыншы. Тым сәтсіз интерпретация.

Асылы, төрелік - уақыттың құзырында қалғаны дұрыс. Өлең және "өлең емес" дүниелерді, кезі келгенде, мәртебелі уақыттың өзі әділ сұрыптап алатыны бар. Күтелік, мырзалар...

Анар Кабдуллина, сыншы

2016 жыл