видео кадры
Риддер әкімі Дәулет Батырбаев сумен қамту жағдайына қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz сайты "Мой город Риддер" басылымына сілтеме жасап.
Бұған дейін қар көшкіні салдарынан қала тұрғындарының тәулік бойы сусыз қалғаны хабарланған болатын.
"Бүгінде, 12 қаңтардағы жағдай бойынша, бұрғылау арнасына тұнба жіберу қалыпты жұмыс істеп тұр. Кеше күрт жылымық болып, соның салдарынан қар көшкіні болды. Арна жабылды, содан кейін Громатуха өзені оны табиғи түрде шайып кетті. Бүгін таңертеңгі жағдай бойынша канал қалпына келтірілді", - деді Риддер әкімі.
Оның айтуынша, қазір нөлдік камераны қар көшкіні нәтижесінде пайда болған лай мен қардан тазарту жұмыстары жүріп жатыр.
"Менің ойымша, бір сағаттан бір жарым сағаттың ішінде қалаға суық су беруді толығымен қалпына келтіреміз.
Тек ресми ақпаратқа сену керек. Кешеден бері Риддерде суық су тоқтаған жоқ. Бірінші қабаттар, кей жерлерде екінші қабаттар суға толды, қысым соған жетті. Қаламыз таулы, сондықтан аудандар мен шағын аудандардағы жағдай басқаша", - деп қосты Дәулет Батырбаев.