Алматы қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Светлана Сұлтанғазиева онлайн брифинг барысында ревакциналанған қазақстандықтардың «жасыл» мәртебесі қанша уақыт сақталатынын айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Ревакцинация алғандарда «жасыл» мәртебе тағы бір жылға, яғни 12 айға ұзартылады» - деді Алматы қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Светлана Сұлтанғазиева.
Бүгінгі күні ревакцинациядан 122 960 алматылық өтті.