06 там, 2019 сағат 06:58

Ресейдің Краснояр өлкесінде оқ-дәрілер қоймасындағы жарылыстар тоқтады

Ресейдің Краснояр өлкесіндегі әскери бөлімнің оқ-дәрі қоймасында жарылыстар тоқтады, деп хабарлайды ТАСС агенттігі.

«Екі сағат бұрын жарылыстар естіліп жатқан еді, қазір - жоқ. Жарылыстар тоқтады», - деп мәлім етті агенттікке Ачинск қаласы әкімшілігінің баспасөз қызметінен.

Еске салайық, 5 тамыз күні Краснояр өлкесінің Ачинск ауданында артиллериялық снарядтарға арналған оқ-дәрілер қоймасынан өрт шықты. Жарылыстар салдарынан 11 адам зардап шекті. 20 шақырым радиуста халықты эвакуациялау туралы шешім қабылданды. Ал Ачинск ауданының аумағында төтенше жағдай режімі енгізілді.