31 қаң, 2022 сағат 21:01

Ресейде қаңтарда ковидтен көз жұмғандар саны 33 пайызға азайды


Ресейде коронавирустан көз жұмғандар саны қаңтар айында өткен жылдың желтоқсанымен салыстырғанда үштен бірге төмендеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат ТАСС-қа сілтеме жасап.

1-31 қаңтар аралығында штаб 22 489 адамның қайтыс болғанын мәлім етсе, бұл көрсеткіш 31 желтоқсанда 33 667 адамды құраған-ды. 

Бұл ретте жұқтырғандар саны желтоқсанмен салыстырғанда 57,7%-ға, 1 361 095-ке дейін артты. 

Ауырғандар санының өсуі және өлім-жітімнің төмендеуі есебінен жаңа инфекциядан көз жұмғандар саны бір айда 2,94%-дан 2,79%-ға дейін қысқарды. 

Емделгендер саны, керісінше, айтарлықтай төмендеді: егер штаб желтоқсанда 1 134 666 адамның емделгенін хабарлаған болса (бұл пандемия басталғаннан бергі максимум), қаңтарда бұл көрсеткіш - 784 362 адам.