07 там, 2016 сағат 21:14

Ресей құрамасы Риодағы Паралимпиялық ойындардан шеттетілді

"Халықаралық паралимпиялық комитет (ХПК) Рио-де-Жанейрода 7 қыркүйекте басталатын Паралимпиялық ойындардан Ресей құрамасын шеттету туралы шешімін жариялады", - деп хабарлады Би-би-си

Риодағы баспасөз мәслихатында ХПК басшысы Филип Крэйвеннің мәлімдеуінше, мұндай шешім Бүкіләлемдік допингіге қарсы агенттіктің (БДҚА) Ресейде допингіні қолдану мемлекеттік деңгейде қошталып отырғаны туралы баяндамасы негізінде қабылданған.

Ричард Макларен басқарған тәуелсіз комиссия тексеруіне негізделген БДҚА баяндамасында Ресей спорт министрлігі спортшылар сынамалары нәтижелерін бақылап және бұрмалап жүргізе отырып, оларды ФҚҚ және Мәскеу мен Сочидегі Ресей құрама командасының спорттық даярлығы орталығының белсене қатысуымен ауыстырып отырғаны келтірілген.  .

Маклареннің комиссиясы Ресей өкілдерінің 2012 және 2015 жылдар арасында, соның ішінде Сочидегі Паралимпиялық ойындар барысында тапсырылған допинг тестілердің оң нәтижелерін жасырудың жүздеген жағдайларын анықтады.  

ҚазАқпарат