11 там, 2016 сағат 15:24

Расул Жұмалы: Гүлен біздің ішкі істерімізден аулақ жүрсін

Еліміздегі Қазақ-Түрік лицейлері толықтай Қазақ елінің меншігі мен жауапкершілігі. Кезінде Түркия бұл іске қол үшін бергені рас, бірақ Қазақ та заманында түрік ағайындарға талай көмек берген. Алайда оның қайтарымын сұраған емес. Елімізде қазақ-орыс, қазақ-ағылшын тағы басқа мектептер бар. Бірақ оларда Ресейдің иә Британияның еш шатағы жоқ қой. ҚТЛ да сол сияқты тек Қазақ еншісі. Ал саяси ұпай жинамақ Ердоған Гүленмен есеп айырғысы келсе, өз еркі, тек біздің Ішкі істерімізден аулақ жүрсін. Өзіміз де жол бермейік.

Расул Жұмалының фэйсбуктағы жазбасынан