Бұған дейін Air Astana әуе компаниясының мамандарын қазақша сөйлемегені үшін сотқа беріп, жеңіске жеткен түрік журналисі Оғыз Доған бұл жолы QAZKOM банкінің қызметкерлеріне өкпесі қара қазандай. Қазақша қызмет көрсетуден бас тартқаны өз алдына, банк ғимаратынан мені итеріп шығарып жіберді деген ол енді QAZKOM-ды сотқа беремін деп отыр.
Оқиға 25 сәуір күні банктің Сарыарқа көшесіндегі филиалында болған дейді журналист. Ол бөлімшеге барып жеке шот аштырмақ болыпты. Алайда, банк қызметкері қазақ тілінде қызмет көрсетпеген. Оғыз Доған бөлімше басшысына шағым айтпақ болғанында өзін Әлия деп таныстырған әйел де қазақша жауап бере алмады.