27 қаң, 2022 сағат 16:10

Психикасы зақымдалған адамдар арасында коронавирустан өлім 5 есе жоғары - мамандар


Манчестер университетінің мамандары адамның кез келген психикалық сырқаты коронавирустан өлім-жітімді 5 есе арттырады деген қорытындыға келді. Бұл туралы Қазақстанда коронавирустың таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссия ақпаратында айтылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Біріккен Танзания Республикасы қайырымдылық ретінде Қытай елі жөнелткен коронавирус инфекциясына қарсы препараттың кезекті партиясын алды. ҚХР Африка елдеріне COVID-19 вакцинасын халықаралық бағдарлама аясында беруде. Танзания азаматтарына Sinopharm вакцинасының 800 мың дозасы жіберілді. 

«Қытайға уақытылы көрсетілген қолдау үшін үлкен алғыс білдіреміз. Бұл, Танзания халқын вирусқа қарсы вакциналау науқанын тездетуге көмектеседі», - деді Денсаулық сақтау, әлеуметтік даму, гендерлік мәселелер, қарттар мен балалар министрі Умми Мвалиму. 

Ол өткен жылдың қараша айында Қытай сыйға тартқан алғашқы партия елдің 250 мың тұрғынын толықтай иммундауға көмектескенін атап өтті. Өз кезегінде ҚХР Елшісі Чэнь Минцзян жақын арада Танзанияға Sinovac Biotech вакцинасының тағы 1 млн дозасы жеткізілетініне сендірді. 

Коронавирус тұрақсыз психикасы бар адамдар үшін қауіп төндіреді. Манчестер университетінің мамандары SARS-CoV-2-нің жүйкесі ауыратын науқастардың денсаулығына әсерін зерттеген. Нәтижесінде кез келген психикалық ауытқу коронавирустан өлім қаупін бес есе арттырады деген қорытындыға келген. Ғалымдардың тұжырымдары молекулалық психиатрия журналында жарияланды. Шизофрениямен ауыратын науқастарға өлімнің ерекше қаупібар. «Психотикалық бұзылулары бар адамдарда ауыр психикалық аурулары жоқ адамдарға қарағанда COVID-19-дан қайтыс болу қаупі 4,84 есе жоғары», - делінген ғылыми жарияланымның мәтінінде. Осылайша, биполярлық бұзылулары бар пациенттер ауруханаға жатқызуды және мамандардың тәулік бойы бақылауын қажет етеді.