Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жолдауында өсіп-өркендеудің нақты қадамдары көрсетілді. Бұл туралы Парламент Мәжілісінің төрағасы Нұрлан Нығматулин мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Бүгін Президент жетінші сайланған Парламенттің екінші сессиясын ашып, өзінің Қазақстан халқына кезекті Жолдауын жариялады. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың бүгінгі Жолдауы - Қазақстанымыздың тұрақтылығын сақтай отырып, мемлекетті одан әрі дамытуға арналған Стратегиялық құжат. Себебі, Жолдауда саяси, әлеуметтік-экономикалық өсіп-өркендеудің нақты жолдары, нақты қадамдары көрсетілді», - деді Нығматулин Мәжілістің жалпы отырысында.
Осы орайда Мәжіліс төрағасы агроөнеркәсіп, денсаулық, білім, аймақтар дамуы және басқа да бағыттарды нығайтуға ерекше көңіл бөлінгенін атып өтті.
«Ал, біздің депутаттық корпустың ендігі басты мақсаты - осы барлық бастамаларды сапалы заңдармен қамтамасыз ету», - деді ол.
