Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық қауіпсіздік комитетінің басшылық құрамымен жиын өткізді, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" ел басшысының Twitter парақшасына сілтеме жасап.
«ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитетінің басшылық құрамымен жиын өткіздім. ҰҚК-нің ағымдағы қызметі туралы ақпаратты тыңдадым. Алдағы уақытта ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөнінде бірқатар міндет қойдым», - деп жазды Мемлекет басшысы.