28 қаң, 2022 сағат 17:48

Президент "Қазақстан халқына" қорына ақша аударуға асықпайтын олигархтарға үндеу жолдады


Қасым-Жомарт Тоқаев "Қазақстан халқына" қорына ақша аударған кәсіпкерлерге ризашылығын білдірді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

"Осылайша сіздер қайырымдылық көмекке мұқтаж азаматтардың алдында азаматтық жауапкершілік танытып отырсыздар", - деді Президент Nur Otan партиясының кезектен тыс XXI Съезінде.

Тоқаевтың айтуынша, Мемлекет басшысының ұсынысын елемей отырған бизнесмендер де бар.

"Олигополияның бөлігі саналатын, тіпті оның бет-бейнесіне айналған бизнестегі кейбір танымал тұлғалар мемлекет басшысы бастамашы болған қайырымдылық акциясына қатысуға асығар емес. Бұл не: сараңдық па, нигилизм бе, немқұрайлылық па әлде менсінбеу ме? Қалай болғанда да, бұл сұраққа толық жауап алу үшін мемлекеттің барлық өкілеттігі бар", - деді Президент.

Ол ірі бизнес тарапынан қайырымдылық процесін реттейтін арнайы жарлық шығаруды жоспарлап отырғанын мәлімдеді.