Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев шағын және орта бизнеске қатысты қатаң каратиндік шаралардың тиімділігін зерделеуді тапсырды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Мемлекет басшының айтуынша, бүгінде шағын және орта бизнес баяу дамып жатыр. Ал карантиндік шектеулер кәсіпкерлікті шектеп қана қоймай, бизнес пен мемлекет арасындағы өзара сенімді төмендетеді.
"Айтпақы, "Омикрон" формасындағы ковид жалпыға ортақ құбылысқа айналып бара жатқан сияқты. Онымен көбісі ауырып шығатын шығар. Біз осындай шешімге келдік. Олай болса, шағын және орта бизнеске қатысты қатаң карантиндік шаралар, әсіресе, қызмет көрсету саласы үшін қаншалықты тиімді болады? Одан нақты нәтиже шыға ма?" – деді Тоқаев кәсіпкерлермен болған кездесуде.
Мемлекет басшысы бизнеске қатысты карантиндік шектеулерді қайта қарауды ұсынды. Үкімет тиісті шешім жасауы керек.
"Шағын және орта бизнесті тұншықтырып қайтеміз? Барлығына бірдей жағдай жасау керек қой", - деп атап көрсетті Президент.